ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» маркалы автокөлік пен «Мотогуззи» мотоциклы соқтығысты. Алған жарақаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылдың 23 мамыр күні Қызылорда қаласында Н.Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» маркалы автокөлік пен «Мотогуззи» мотоциклы соқтығысып, салдарынан мотоцикл жүргізушісі қалалық ауруханаға жатқызылды. Алған жарақат салдарынан ол ауруханада қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген.
«Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.