Қызылордада жол оқиғасынан 2 адам қайтыс болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында жол оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты. Шиелі ауданы «Шымкент-Самара» тас жолының 1941/325 шақырымындағы «Жібек жолы» шайханасының жанында мемлектетік белгісі Х116 BMN «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі 1971 жылы туылған Б.Е. жаяу жүргінші 1954 жылы туылған А.П-ны басып кеткен.

Оқиға орнында А.П. көз жұмды.

Жаңақорған ауданы Байкенже елді мекенінің ішкі жолында жүргізуші 1971 жылы туылған Г.Ә. мемлекеттік белгісі А385 RRM «Мицубиси Галант» маркалы автокөліктің басқару жүйесін игере алмай аударылған. Нәтижесінде оқиға орнында ол қайтыс болды.