ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдайтын автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 11 наурызда сағат 12:50 шамасында Желтоқсан көшесі мен Қорқыт ата көшелерінің киылысында болған. Жолаушылар тасымалдайтын «Mercedes Benz» автокөлігі мен «Toyota Camry» көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.
«Қоғамдық көлік жолаушыларына дәрігерлік көмек көрсету мақсатында медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада адам өлтіруге оқталған күдікті қолға түсті .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.