ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар көліктері бұзылып, жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жолаушылар «Шымкент-Самара» тас жолының 836 шақырымында жолда қалып қойған. Олар мінген «ГАЗель» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі істен шыққан.
«Бұл жөнінде Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің құтқару жасағы Қамыстыбас елді мекенінің бөлімшесінен 2 маман, 1 техника жедел жетті. Нәтижесінде құтқарушылар күшімен 3 адам Қамыстыбас елді мекеніндегі құтқару бөлімшесіне жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әсия Ережепова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.