Қызылордада «Жү­рек жылуы» қайырым­дылық шарасы өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атын­дағы мәдениет орталығында об­лыс әкімінің бастамасымен «Жү­рек жылуы» қайырым­дылық шарасы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияға  ірі компаниялар  мен мекемелер белсене атсалысты. Қаражаттай және заттай барлық жинақталған жәрдем көлемі 17 млн. теңгеден асып түсті.«Жүрек жылуы» қайырымдылық акция­сы аясында бірқатар тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік таратылды, көпшілігіне үйлеріне жеткізіліп берілді.