ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында «КамАЗ» жүк көлігі адам қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 15 мамырда орын алған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен іс қозғалған.
«Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.