ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
«Кінәлі жүргізуші ұсталып, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада дүкеннің төбесі құлап, өзбекстандық азамат қаза болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.