ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Абай даңғылында «Mercedes-Benz 280» маркалы жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл оқиға жергілікті тұрғынның жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соның салдарынан жаяу жүргінші жарақат алған. Ол қалалық аурухананың трамватология бөлімшесіне жатқызылды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеудің басқа деректері жария етілмейді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.