Республикалық турнирге жиналған журналистер Қызылорда қаласы әкімінің Кубогін сарапқа салды.
Жарысқа Астана, Шымкент, Қызылорда қалалары, Атырау, Түркістан облыстарынан барлығы 8 команда қатысты.
Топтық кезеңнен кейін сүрінбей өткен «Қазмедиа», «Qaz365.kz» және «Атырау», «Шымкент» командалары жартылай финалға шықты.
Олардың арасынан бас жүлдені сарапқа салған «Қазмедиа» «Qaz365.kz» командасын жеңіп, республикалық турнирдің чемпионы атанды. Олар 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Екінші орын алған «Qaz365.kz» 700 мың, қола жүлдегер атанған «Атырау» 350 мың теңгеге қол жеткізді.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясымен 6 гол салған атыраулық Қайсар Жетпісбай марапатталса, «Қоғам ТВ» командасының ойыншысы Ержан Батыршаев «Үздік шабуылшы» деп танылды.
Ал «Шымкент» командасының ойыншысы Айбек Қабылша «Үздік қақпашы» атанса, түркістандық Самат Сүлей «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.