Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, келер жылы шыны зауыты, триокиси молибден өндіру кәсіпорны және қуаты жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылмақшы.
Сондай-ақ, биыл тампонаждық цемент, томат пастасын шығаратын және кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы басталды.
«Тампонажды цемент мұнай және уран өнеркәсібінде пайдаланылады. Атап өту керек, кальцилендірілген сода және шыны зауытының табақша шынысына пайдаланатын шикізаттың 95 пайызы жергілікті жерден шығады.
Айта кеткен жөн, биылғы жылы қаптама кірпіштерін шығаратын ЖШС "Жаңа Арал" зауытының құрылысы аяқталған болатын.