ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқиға 28 қарашада сағат 13.41 шамасында болған. Одан зардап шеккендер жоқ. Облыс тұрғындарынан қолайсыз ауа райына орай көшеде жүргенде жүріс-тұрыс ережесін сақтауды, барынша сақ болуды сұраймыз», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын 27 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.
Фото: gov.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.