Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханада мемлекеттік тілге арналған тақырыптық кеш өткізілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мемлекеттік тілге арналған тақырыптық кеш өткізілді.

Кеш қонақтары сатирик ақын Жанұзақ Қожаберген, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының атқарушы директоры Еркебұлан Меңдібаев ана тілі туралы толғамдарын жеткізді. Бұдан басқа қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен колледждер оқушылары халық әндерін шырқап, тілге байланысты өлеңдер оқыды.