Қызылордадағы «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясына 7 мың адам қатысты

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясы күз мезгіліне дейін жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы 20 шілдеде ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминнің бастамасыменқолға алынған «Birge - Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы Қызылорда облысындаәр апта сайын өткізіліп келеді. Бүгін Қызылорда қаласында өткенэкологиялық акцияға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.

Естеріңізге салайық, алғашқылардың бірі болып акцияға Қызылорда облысықолдау білдірген болатын. Сыр өңіріндегі экологиялық акция Арал ауданындағы Көкарал бөгетінің жанынтазартудан басталды.


Ауданға арнайы сапармен барған Аоблыс әкімі Қуанышбек Ысқақов эстафетаныөңірдің барлық аудандары мен елді мекендеріне жолдаған еді.

Бүгінгі акцияға облыстық мекемелер, жастар және үкіметтік емес ұйымөкілдері қатысты. Облысорталығында Сырдария өзенінің жағалауынан құтқару мекемесі аралығындағы аумаққоқыстан тазартылды. Бұл аумақтың жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуықтайды. Акцияға7 мыңға жуық адам атсалысты.

Акцияны әр сенбі сайын күз айына дейін жалғастыру жоспарлануда. Шарааясында қатысушылар тарапынан жақын маңда орналасқан тұрғын үй иелерінеқоқыстарды бей-берекет тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізіліпжатыр.


Соңғы жаңалықтар