Күріш және басқа да ауыспалы егістің суармалы алқап көлемі 28500 га құрайтын Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистраль каналының реконструкциясы, су бөлу және автоматты су есептеу жүйелерін енгізген Тоғыскен елді мекені және облыс орталығында орналасқан Қызылорда гидроторабы. Осы нысандардың барлығы ауыл шаруашылығы жерлерін вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ күріш пен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік берді.
Облыс орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кеңес беруші алқалы орган - Іскерлік кеңестің күріш саласын қолдау жөніндегі отырысы өтті. Мемлекет тарапынан күріш өсіру саласын қолдауға көп көңіл бөлініп отырғандығын атап өту қажет. Соңғы 5 жылда күріш өсіру саласына барлығы 14,4 млрд.теңге жұмсалса, суармалы жерлерді қалпына келтіруге - 4,6 млрд.теңге, ал 1 га күрішті өсіуге кеткен шығындарды субсидиялауға - 6,7 млрд. теңге бөлінген. Үстіміздегі жылы күріштің 1 гектарына берілетін субсидия мөлшері бөлінетін бюджет қаржысының шектеулілігіне байланысты республика бойынша орташа 15,8 мың теңге немесе өндіруге жұмсалған шығындардың 10% көлемінде болып отыр. Қызылорда облысы бойынша субсидия 18 мың теңгеге дейін жоғарылды. Десекте, қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан саланың технологиялық жаңғыртылу қарқынының төмендеуі, суармалы жерлер мен суару жүйесінің қанағаттанғысыз мелиоративтік жағдайы және т.б. мәселелермен байланысты ахуал бар.
Жиналысқа қатысушылар салада қалыптасқан мәселелерді талқылап, саланың Қазақстанның Кедендік одаққа кіргені және алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайындағы тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Күріш саласын қолдау жөніндегі өткен жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.