Қордың демеушілігімен Қазалы қалалық спорт мектебіне, «Жеңіс» бағына жасанды көк шөп төселді. Бұл үшін 15 млн. теңге жұмсалды. Сонымен қатар спорт алаңдарын асфальттау мен өзге де шараларға демеушілік жолмен бөлінген 60 млн. теңге толығымен ел игілігіне жұмсалды.
11:11, 28 Тамыз 2010
Қызылордадағы «Игілік қоры» Қазалы ауданының абаттануына 60 млн. теңгенің демеушілігін көрсетті
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы бірқатар нысандарды аббаттандыруға 60 млн. теңгенің демеушілігі көрсетілді. Он екі айдың сұлтаны атанған қасиетті Рамазан айында бұл шараға «Игілік» қоры мұрындық болды.