«Оқыс оқиғадан 12 адам зардап шегіп, оның ішінде төртеуі (соңғысы 2017 жылдың 27 шілде күні ауруханада қайтыс болды) қаза тапты. Тексеру жұмыстарының нәтижесі кейінірек хабарланатын болады»,-делінген министрлік таратқан мәліметтерде.
14:07, 27 Шілде 2017
Қызылордадағы қайғылы жағдайды тексеру бойынша комиссия құрылды - министрлік
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда облысында орналасқан «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнында 26 шілде күні болған, соңы адам өліміне соқтырған улану дерегінің мән-жайын анықтау бойынша комиссия құрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.