Былтыр тізімдегі 5 нысан жекешелендірілді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы саудаға бірнеше мәрте шығарылды. Процесс ұзақ жүрді. Алдағы екі жылда 6 ұйымды бәсекелес ортаға беру жоспарланған. Тізімде Қорқыт Ата әуежайы, «Байқоңыр» корпорациясы, «Сырдария» балалар сауықтыру лагері де бар.
«Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі жанынан тұрақты комиссия құрылды. Ұсынылған әрбір объектінің іске асыру мерзімдері бекітілді», - деді басқарма басшысы.