Рас, алғашқы сынама өнім алу кезінде кейбір қондырғылардың жетіспеушілігі байқалды. Бұл қытайлық әріптестердің зауыттан қондырғыларды жеткізу кезінде жіберілген қателік болатын. «Бис групп» ЖШС мен қытайлық «Борихунда» компаниясы арасындағы бір жарым жылға созылған келісім негізінде зауыт жұмысы қайта қолға алынды.
Биылғы жыл басынан бері зауыттан 20 тонна алғашқы өнім Қытай еліне жөнелтілді. Бүгінде зауытта 50 адам жұмыс істеп жатыр.