Осы мақсатта Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тиісті жұмыстарды атқарды. Облыс орталығындағы саяжайлардың кейбірі дарияға жақын орналасқан. Сондықтан бұл үй иелері қауіпсіздік шараларына назар аударғаны артық емес. Бүгінде дария бойындағы мұз еріп, сең қозғала бастады. Сол себепті дариядан келетін тосын жағдайларға сақадай сай отыру - негізгі міндеттің бірі.
«Біз осы мақсатта «ПМК-29», «КопЭС», «Дружба», «Строитель», «Ягодка», «Пищевик» саяжайлары және «Таңқаман» учаскесінің тұрғындарымен құлақтандыру шараларын жүргіздік. Әрбір істі жіті назарда ұстағанымыз артық емес»,- дейді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ербол Әлішеров.
Іс-шара барысында тұрғындарға сақтық шаралары мен су басу қаупі туындаған жағдайда атқаратын іс-әрекеттер туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жадынамалар мен кітапшалар таратылды.
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ.