Қызылордадағы веложарыс мәреге жетті
Оған Алматы және Қызылорда қалаларынан 100-ге жуық велошабандоз қатысты.
Жарыс нәтижесінде қызылордалық спортшылардың мерейі үстем болды. Атап айтқанда, 30 шақырымдық топтық жарыста Нұртуған Сейтов бірінші болып келсе, Нұрсұлтан Пернебай - екінші, Аслан Силықбек үшінші орындарды иеленді. 15 шақырымдық топтық жарыста Юлдуз Калменова жарыс жеңімпазы атанды. Алтынай Рабаева - екінші, Лиза Маханбетжан үшінші орындарды еншіледі.
12 шақырымдық критериум жарысында ұлдар арасында Нұртуған Сейтов 1-орынға ие болды. Қалған орындарға Аслан Силықбаев пен Нұрсұлтан Пернебай тұрақтады. 6 шақырымдық сайыста қыздар арасында Юлдуз Калменова екінші «алтынына» қол жеткізсе, Асылзат Рабаева - күміс, Лиза Маханбетжан қола жүлделерді еншіледі.
Сондай-ақ турнир аясында әуесқойлар арасында 6 шақырымдық критериум жарысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ерлер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкері Пазылбек Жақсылық, әйелдер арасында №3 ОВЖОРМБЖМ қызметкері Ғалия Қуатбаева бірінші орынды жеңіп алды.