Қызылордадан 800 бас қозы Иранға жөнелтіледі
09:14, 01 Тамыз 2017
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда әкімшілігі биыл 10-15 мың бас тірідей қозы және ірі қара малды экспортқа шығармақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Пірмұхаммед Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Облыс аумағынан тірі қойларды экспорттау үшін барлық мәселелер өз шешімін тапты. Бүгінде Иран мемлекетінен келетін ұшақты күтудеміз. Осы мақсатта Жаңақорған ауданындағы «Нұрболат» шаруа қожалығынан алғашқы 800 бас қозы сатып алынды», - деді П. Сыздықов.
Алдағы уақытта облыстан қой малынан бөлек мүйізді ірі қара малын да экспорттау жоспарлануда.