ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Қарағанды облысының шекарасынан бастап Қызылорда қаласына дейін барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
«Қарағанды облысында ауа райының нашарлауы байқалып отыр. Аталған аумақта дауыл, қалың қар, көру мүмкіндігі шектелген. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылған. Ол Қарағанды облысының шекарасынан бастап Қызылорда қаласына дейінге аралықты қамтиды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Осы орайда Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған шектеу жалғасып жатқанын хабарлады. Жолаушыларға сақтық шараларына назар аударуын сұрайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.