ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Алматыдан Ресей астанасы - Мәскеу қаласына бет алған жүк көлігіне тиелген заттар толықтай өрнетіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының 1698 шақырымында болды. Бұл Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы мен Жалағаш ауданы, Таң ауылын аралығын қамтиды.
«Аталған аумақта DAF маркалы жүк көлігінің тіркемесіне тиелген киім-кешек секілді заттар жанып кетті. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 5 қызметкер 1 автокөлікпен жетіп, көлік тіркемесі толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада иесіз тұрған «Mercedes» автокөлігі түгі қалмай өртеніп кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.