ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадан Түркияның Анталия қаласына халықаралық әуе рейсі ашылмақ. Чартерлік рейс биылғы маусым айынан бастап жүргізіледі, деп ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, бұл қызметті «B&K Aero» авиакомпаниясы Boeing 737 әуе кемесі арқылы атқаратын болады. Ол аптасына бір мәрте қатынайды. Әуе көлігі екі аралықта 4 сағат 40 минуттай ұшады.
Бұдан бұрын Қызылорда тұрғындары Түркияға тікелей қатынай алмайтын. Жолаушылар Астана, Алматы қалалары арқылы ұшуға мәжбүр еді.
Кейінгі жылдары Қызылордадан бірқатар халықаралық әуе рейстері ашылда бастады. 2018 жылдың шілде айында Қызылордадан Ресей астанасы - Мәскеуге қатынайтын халықаралық рейс өз жұмысын бастады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.