ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істеп келген 3 азаматқа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 204 адам бар.
Оның ішінде 118 адам сырқатынан толық айығып шықты.
«Атыраудан кеше вахталық әдіспен жұмыс істейтін 170 адам келген болатын. Олардың үшеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, соңғы тәулікте көпбейінді қалалық аурухананың 3 қызметкері де қатерлі індетті жұқтырып алды. Олардың вирусты жұқтырғаны скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алып жатыр», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 2966 азамат анықталды. Оның ішінде, 1577-і жақын қарым-қатынаста, 1389-ы жанама байланыста болған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.