ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өзбекстаннан 240 мыңға жуық медициналық зат жеткізілген. Онда емдеу мекемелеріне қажетті медициналық қолғаптар, қорғаныш киімдер, арнайы көзілдіріктер бар. Бұл заттар облыстағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылып берілді.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордаға Қытайдан гуманитарлық жүк жеткізілген еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.