ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы - Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына Сыр өңірінен 17 спортшы барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр саңлақтары 9 спорт түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда, байдарка және каноэде есуден Мерей Медетов, каратэ-до спортынан Мөлдір Жаңбырбай барады.
Ал таеквондодан Айнұр Есбергенова ел намысын қорғаса, самбодан Динара Қодарова, велоспорт Роберт Гайнеев, Асылхан Тұрар сайысқа түседі. Сондай-ақ, кураштан Арайлым Қанзада, мен Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атуда Максим Коломоец сайысқа түседі.
Гандболдан ел құрамасы сапында Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова, Наталья Ильина, Виктория Колотинская, Вероника Хардина ойын көрсетсе, көгалдағы хоккейде Гузаль Бахавадин мен Алиса Чепкасова құрама жейдесін киеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.