Халықаралық балалар күніне орайластырылған шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламенті Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы С.Әйімбетов бастаған бір топ депутаттар қатысты.
Аймақ басшысы әрбір балаға оқуда озат болыңдар деп, тілектестігін білдірді.
Облыс әкімі мен депутаттар 20 оқушыға салтанатты түрде «Жас ұланның» галстугын тақты.
Жасұландықтар жазғы демалысқа дайындықтары туралы рапорт жасап, «Жас ұлан» ережесін бұлжытпай орындауға және Отанына талмай қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Осылайша Сыр ұландары «мәңгілік ел ұландары боламыз» деп сендірді.