Ол 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жанарынан айырылған бозбала II топтағы мүгедек. 2003 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысып келеді.
Ислам бұған дейін 2 дүркін Паралимпиадалық Азия ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы, халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы мен жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Исламның спорттағы жеңістеріне өзіндік үлес қосқан тәжірибелі бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Юрий Мощеев.