Іс-шара Тұңғыш Пезидент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ӨзбекстанРеспубликасындағы Қызылорда облысының мәдени күндері аясында ұйымдастырылды. Театрсапарының мақсаты - мемлекетаралық достықты нығайту, қазақ жұртының мәденимұрасын, ұлттық өнерін насихаттау.
Айта кетейік, Қызылорда облысының Мәдени күндері аясындаөзбек елінде «Орталық Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағыТемірбек Жүргеновтің жасампаздық жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Сондай-ақ, Навои қаласында «Сырдария - достық арнасы» атты Сыр елі өнершеберлерінің концерті ұйымдастырылды. Концертке Тұрмағамбет атындағы халықаспаптар оркестрі қатысты. Мәдени шара барысында халықаралық, республикалықконкурстардың жеңімпаздары, Сыр өңірі жыраулық өнерінің өкілдері мен «Томирис»би ансамблі өнер көрсетті. Мерекелік думан барысында Қорқыт, Түркеш,Құрманғазы, Әлшекей сынды дала композиторлары мен кәсіби композиторлардыңтуындылары, әлемдік классикалық шығармалар мен қазақ және өзбек халықтарының биқойылымдары тарту етілді.
«Өзбек еліндегі Қызылорда облысының күндері аясында өткізілгеншараларға жергілікті жұртшылық тарапынан ризашылық білдірілді. ОларҚазақстанның, оның ішінде Сыр өңірі өнер шеберлерінің туындыларына, олардың актерлікшеберліктеріне зор құрмет білдірді», - деді Қызылорда облыстық Мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.
Бұдан бұрын Өзбекстанда Қызылорда облысының Өнеркүндері өткізілетінін хабарлаған едік.