ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балық аулау кезінде ағаш қайығы көлде аударылған 61 жастағы тұрғын қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 24 наурызда Қармақшы ауданында болды. Көлге балық аулауға барған 1962 жылы туған азаматтың қайығы аударылып, суға батып кеткен.
«Бұл жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама түсті. Онда Қуаңдария ауылындағы Жетікөл көлінде балық аулау кезінде ағаш қайығы аударылып, оқиға салдарынан 1962 жылы туған азаматтың суға батып кеткені айтылған. Марқұмның денесін жергілікті тұрғындар өз күшімен судан шығарып алған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция бөлімінің мамандары тиісті жұмыстар жасады», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.