Жарысқа Қазақстаннан 7 спортшы қатысып, Сыр елінің боксшылары ғана өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
Атап айтқанда, 75 келі салмақта сынға түскен Тұрсынбай Құлахметов финалда болгар спортшысын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдені еншіледі.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа Ғалым Байғұндиев пен Жәміл Жүсіпов дайындады. Спортшылар алдағы уақытта Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.