Екінші орында - Шығыс Қазақстан облысы, Үшінші орында - Алматы қаласы. Сыр өңірінің жастары 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтсақ, жекелей сында 60 келі салмақта Жақсыбек Жеңісбек (ЖСШМ), 66 келіде Марат Жанқожа және (№1 ОРМБЖМ) ел чемпиондары атанды.
44 келіде Адия Сайын (№1ОРМБЖМ), 48 келіде Салтанат Сұлтанбекова (спорт интернат), 63 келіде Гүлдерайым Алмағанбет, 78 келіде Нұрғаным Тұршабек (екеуі де №1ОРМБЖМ) күміс жүлдені иеленсе, 44 келіде Малика Алпысбай (№1ОРМБЖМ), 52 келіде Диана Тлеумұратова (Қармақшы ауданы), 55 келіде Дидар Тәттібай (ЖСШМ), 63 келіде Сымбат Төрен (спорт интернат), 73 келіде Нұрсұлтан Иса (ЖСШМ), 78 келіде Ләйлә Арыстанбек (№1ОРМБЖМ) қола жүлдені еншіледі.