Қызылордалық каратэшілер халықаралық турнирден 11 жүлде иеленді (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бішкекте каратэ-додан өткен IX халықаралық турнирде жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 11 медальмен (3 алтын, 3 күміс, 5 қола) оралды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасаөз қызметінен.

8-9 жас аралығында ката бағдарламасы бойынша Павел Барыбин мен 10-11 жас аралығында Ердос Кенжалиев (екеуі де облыстық каратэ-до федерациясынан) турнирдің чемпионы атанса, 16-17 жас аралығында кумитэ бағдарламасында 61 келі салмақ дәрежесіне дейін сынға түскен Қайсар Өмірбек бірінші орынды иеленді.

Ката сайысы бойынша 10-11 жас аралығында Сергей Осипов (облыстық каратэ-до федерациясы), кумитэ бойынша 12-13 жас аралығында 35 келі салмақ дәрежесіне дейін Диас Молдабек («Қажымұқан» СК) пен 18 жастан жоғары Мөлдір Жаңбырбай (ЖСШМ) халықаралық турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Ката сайысы бойынша 6-7 жас аралығында Константин Каджиев (облыстық каратэ-до федерациясы), 8-9 жас аралығында кумитэ бағдарламасы бойынша Гафур Шайхы (27 келіге дейін), ката бағдарламасы бойынша 10-11 жас аралығында Нұрбол Нұрлыбеков (обл. каратэ-до федерациясы), кумитэ сайысында 12-13 жас аралығында Аман Шора ( «Қажымұқан» СК, -35 келі) мен 16-17 жас аралығында Нұрәділ Кеңесбек (ЖСШМ, 61 келіге дейін) қола жүлдені иеленді.

Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев және жаттықтырушылар Нұржан Ақпанбет, Рустам Орлов, Әкімжан Нұрғалиевтер дайындады.