Қызылордалық каратэшілер халықаралық турнирден 3 «алтын» алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордалық спортшылар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Ақтау қаласында каратэ-додан (WKF) өткен халықаралық турнирден 5 медаль еншілеп қайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Бес медальдің үшеуі - алтын, екеуі - қола. 18 жастағы қыздар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай, жастар арасында 60 келі салмақта Мантай Сүйіндік, 9 жасар қатысушылар арасында дараланған Шайхы Гафур алтыннан алқа тақты. 

Сонымен қатар, 8-9 жастағылар арасында Мейіржан Әділхан мен 18 жастан жоғары жастар арасында тамаша ойын өрнегін  көрсеткен Нұржан Ақпанбет қола медаль алды. Спортшыларды жарысқа жаттықтырушылар Р.Абжамиев пен Н.Ақпанбет дайындады.