Қызылордалық «Қайсар» Премьер-лигадағы ойынын жеңіспен бастады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы» командалары маусымашар кездесулерін өткізді.

Араға бір жыл салып Премьер-лигаға оралған «Қайсар» алғашқы кездесуін жеңіспен бастап, «Ордабасы» командасын 1:0 есебімен ұтты. Матчтың тағдырын шешкен жалғыз допты бірінші кезеңінің 27-ші минутында 11 метрліктен «Ордабасы» командасына «Қайсар» командасының македониялық легионері Душан Савич соқты. Айта кетейік, «Қайсар» келесі ойынын Ұлыстың Ұлы күні 22-ші наурызда өз алаңында Жамбылдың «Тараз» құрамасымен өткізеді.