Кикбоксингтің фулл-контакт, лоу-кик, к-1 бөлімдері бойынша өткен жарыста жерлестеріміз, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдарды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
К-1 бөлімінде өнер көрсеткен Алтынбек Жүнісов 75 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанса, 86 келіде Ахмедияр Аманжолов күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында фулл-контакт бөлімінде 70 келіде Нұржанат Тілеумбетова 2-орынды еншіледі. К-1 бөлімінде 51 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Сапаровтың еншісіне қола медаль бұйырды.