Қызылордалық құрылысшылар Арыстағы жұмыстарын таяуда аяқтайды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының құрылыс бригадалары осы айдың соңына дейін Арыс қаласындағы жұмыстарын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге Арысқаласындағы Қызылорда облысына бекітілген аймақтағы 145 үйдің жөндеу жұмыстарыаяқталған. Қазір 102 үй қалпына келтіріліп жатса, тағы 6 үйдің жөндеу жұмыстарыбасталды.

Арыс қаласындаорналасқан тұрғын үйлердің Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақтағы 14 көшедебарлығы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

«Арыс қаласынқалпына келтіру жұмыстары аймақтар арасында 17 секторға бөлінген, №6 учаскеҚызылорда облысына бекітілген 254 жеке тұрғын үй бар. Олардың бірі толыққалпына келтіруді талап етеді. Сондай-ақ, бұл аймақта 15 нысан орналасқан.Жөндеу жұмыстарын жүргізуге облысіміздың 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған.Мұнда барлығы 186 адам еңбек етіп жатыр. Шілде айының соңына дейін барлықжұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Қызылорда облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.


Биыл 9-18 тамызаралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының«Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында» тегін демалады. Балаларүшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелерұйымдастырылады.

Бүгінгі күнге дейінСыр өңіріндегі 2 800 астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатынмекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлікқоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттарқаржылай көмегін көрсетті.

Бұған дейін«Аралтұз» Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар