- Бұл қызметке келуіңізге не түрткі болды? Өте жауапты жұмысты атқару қиынға соқпай ма?
- Адамдар өмірін құтқару - жоғары және жауапты миссия. Қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсету кез келгеннің қолынан келе бермейді. Өзгенің өмірін сақтау үшін өз жанын шүберекке түйіп қызмет етіп етуге тура келеді
Әдетте, құтқарушы мамандығында ер азаматтар көп екені белгілі. Біз де солармен бірге иық тірестіресе жұмыс жасауға тура келеді. Мен Жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологі қызметін атқарамын. Бегманова Жанар Өтегенқызы туралы ой қозғайтын боламыз. Білім саласында 10 жылдан аса қызмет еттім. Педагогика және психология ғылымдарының магистрі дәрежесін қорғадым. Ал азаматтық қорғау саласына 2015 жылы ат басын бұрдым. Содан бері міне 8 жылдан астам уақыт өтті. Жауапты қызметті абыроймен атқаруға тырысамын.
Құтқарушы психолог болу оңай жұмыс емес. Өйткені ол ең бірінші алдындағы адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуі, оны түсіне білуі тиіс. Сондай-ақ, сенімді байланыс орнатып, сол сәттегі жағдайымен еркін бөлісе алатындай дәрежеге жеткізу қажет. Жауапкершілік өте үлкен. Бұл жерде тікелей адам өмірі сол құтқарушы психологпен жіті байланысты. Жалпы, құтқарушы сөзінің мағынасы тереңде жатыр, Құтқару жасағындағы жұмыс жасайтын құтқарушы психологтің бір күні екіншісіне мүлде ұқсамайды. Біз түрлі оқыс оқиғамен бетпе-бет келіп жатамыз.
- Алғаш қызметке келген және қазіргі кезіңіздегі жұмыс тәжірибеңізде қандай өзгешелік бар?
- Әрбір күн сайын кәсібіме шыңдалып, шынығып келемін. Алғаш жұмысқа келген сәтім әлі көз алдымда. Барлық оқиғаны жүрекпен қабылдайтын едім. Қазір психологиялық тұрғыда әріптестеріме психологиялық көмек беруге тырысамын. Оған қоса оқиға орында зардап шегуші азаматтарға да қалай сөйлеу керектігін түсіндіремін. Осылайша құтқарушы мамандармен қызмет атқарамын.
Әрдайым білімімді толықтырып отырамын. Оған ешқашан кеш емес. Осындай принципті ұстанамын. Өзге өңірлердегі әріптестеріммен де тығыз қарым-қатынастамын. Бастысы, тәжірибе мен мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет. Сондықтан қойылған талапты орындап, тәртіпке бағыну - басты шарт. Күн сайын түрлі қоңырау болады. Есіктің іштен құлыпталып қалуы, өрт, жол-көлік оқиғасы, табиғат апаты секілді жағдайларда міндетті түрде құтқарушы мамандар құтқарушы психологтармен бірге қызмет атқарады. Алдымен зардап шеккен адамға психологиялық тұрғыда көмек көрсетеміз. Төтенше жағдайға тап болған адам қобалжып, құтқарушылардың жұмысына да кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан біз ол адамдармен психологиялық тұрғыда сөйлесіп, сабырға шақырамыз.
- Қызметке келгендегі алғашқы дабыл бойынша атқарған жұмысыңыз есіңізде қалды ма?
- Олар кез-келген сәтте көмек келуге дайын. Осы жылдар ішінде Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша тиімді жүйе құрылды. Тәжірибе жинақталды және техникалық жағынан ойдағыдай жабдықталды. Бүгінде азаматтық қорғаныс саласында еліміз бойынша көптеген адамдар еңбек етуде. Құтқарушы – бұл өмір сүру салты. Бұл қашанда ерлік жасауға, өзін құрбан етуге дайын болу. Құтқарушы мамандығын тек батыл адамдар ғана таңдайды.
Ол оқиға әлі күнге дейін көз алдымда. 2015 жылы көп қабатты тұрғын үйдің ішінде есігі құлыпталып қалған жағдай кездесті. Үйдің ішінде 14 жастағы қызы есік ашпай жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына құтқарушылармен бірге психологиялық топ та бірге жетті. Мен психологиялық тұрғыда қиын жағдайда қалған анасына көмек көрсеттім. Осы сәтті әріптестерім үй есігі темір болған соң жоғарғы төртінші қабатта орналасқан пәтердің балконы арқылы 3 қабаттағы үйдің ішіне арнайы құтқару құралдары арқылы кірді. Есікті іштен ашқан соң пәтер ішінде ес-түссіз жатқан қызға көмек көрсетілді. Ол газ плитасына шәйнек қойдым деп оттықпен дұрыс жақпаған екен. Соның салдарынан газ иісіне уланып есіне танып қалған.
Алдымен терезенің барлығын ашып, жерде жатқан қызға жасанды дем берілді. Салқын сумен бетін жуып, мұздатқышта тұрған сүтті бердік. Одан кейін жедел жәрдем қызметі дәрігерлеріне тапсырдық. Кейіннен ойыма «Мүмкін есікті бұзып ашамыз» деп уақыт жоғалтқанда не болар еді? Қыз бала тірі қалар ма еді? Біз уақыт жоғалтқан жоқпыз. Құтқарушылар кәсіби тұрғыда қызмет атқарды. Осылайша бір адамға екінші рет өмір сыйладық. Содан бері әр күн сайын әріптестерімен бірге қызметінің арқасында осындай мыңдаған адамның өмірін құтқып келеміз.
- Cөз соңында отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз...
- Қызметтің қауырт екеніне қарамастан отбасыма көңіл бөлемін. Сүйікті ана болуға тырысамын. Халық қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет етуге дайынбыз.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жанар Жетілгенова оның алдын алу, сақтану жолдары жөнінде айтып берді.