Бұл күні сондай-ақ, қала әкімінің жүлдесі үшін футболдан көктемгі демалыс турнирі, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттауға арналған өнер фестивалі, аула клубтары арасында футбол жарысы өтеді.
Халықаралық әйелдер мерекесі де ерекше форматта өтеді. Барлық салада еңбек ететін қыз-келіншектер 6 наурыз күні сағат 11-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде бас қосып, филармония өнерпаздарының концертін тамашалайды. Ертеңіне М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде коммуналдық саладағы нәзікжанды қызметкерлердің құрметіне қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Жазира мен Жанболат әннен шашу шашпақ. Базарда сауда жасап тұрған апалар да назардан тыс қалмайды. Оларға қала әкімінің құттықтау хаты табысталады. Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бүкіл белсенді қызылордалық келіншектерді төл мерекелерімен салтанатты түрде 7 наурыз күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде болатын шара барысында құттықтап, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» белгісімен марапаттайды. «Қалада ғасырмен құрдас алты ана бар. Мереке қарсаңында оларға сый-сияпат көрсетіліп, суреттері Жібек жолы көшесінің бойына ілінеді», - делінген хабарламада.