Еліміздің экономикалық әлеуетінің артуында республикамыздың батыс өңірі мен Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, ондағы еңбек етіп жатқан мұнайшылардың үлесі зор. Төл мерекеде аймақ басшысы мұнайшыларға толағай табыс тіледі.
«Сыр өңірі - экономикасының негізгі тірегі мұнай-газ саласы. Аймақта 23 мұнай компаниясы бар. Олардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайында ұмыт қалдырған емес. Бір айта кетерлігі, Сыр мұнайшылары әлеуметтік қолдау көрсетуден республикада алдыңғы қатарда. Еңбектеріңіз жемісті бола берсін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Салтанатты шарада сала үздіктері ҚР Энергетика министрлігінің төсбелгілермен және облыстың «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.