Білім ордасы маңындағы бұл кешен осылайша жылдың кез келген мезгілінде халықты сапалы әрі арзан ауылшаруашылық өнімімен қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеп отыр.
Мектеп ұжымы алғашқы дәнді-дақылдарды тамыз айында еккен. Нәтижесінде жылыжайда қазірдің өзінде қиярдың 3 сұрыпы шыға бастады. Сонымен қатар, қызанақтың да пісетін уақыты жақындап келеді. Білім ордасының басшысы Айбек Әлімжанов мұндай жоба болашақ агрономдарды дайындауда мол септігін тигізетініне сенімді.
Айта кетейік, аумағы 200 шаршы метрден асатын кешенді болашақта үлкейту жоспарланып отыр. Қазір жылыжайда сынақ ретінде гүлдердің де бірнеше түрі өсіріле бастады.