ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Баку қаласында 7-9 қазан күндері өтетін түркітілдес елдердің дəстүрлі өнерін насихаттау мақсатындағы халықаралық фестивальге қызылордалық өнерпаздар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр өңірінде дәстүрлі өнерді дәріптеуге арналған көптеген іс-шаралар қолға алынып келеді. Осының нәтижесінде Қармақшы ауданында Жыраулар үйі жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу бағытында игілікті істерді жүзеге асырып отыр. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аталмыш өнер ордасында өнегелі істер лайықты жалғасын тауып келеді. Жыраулар үйінде өздерінің өнерін өрістете түскен өрендер сан алуан сайыстарда алдыңғы орындардан көрініп жүр.
Әзербайжан жерінде өтетін халықаралық фестивальге Жыраулар үйінің директоры, жырау Амандық Бүрлібаев қазылар алқасының құрамына арнайы шақырылды. Ал жас жыршылар Шұғыла Мархабатова мен Арай Оңғарқызы үлкен додада бақ сынамақ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.