«Менің арманым - ағашты кептіріп, оны қалыпқа келтіретін үлкен өндіріс цехын ашу. Еліміздің барлық аймағында осындай бесіктерді көптеп шығарып, кейін шет мемлекеттерге де шығаруды қалаймын», - дейді М.Жылгелдиев.
Қазақ ұғымында бесік - сан ғасырлардан бергі ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік. Қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалық, қазақ атасы жатқан бесікке баласын, немересін, шөбере-шөпшегі мен туажатына дейін бөлейді.