Қызылордалық өнертапқыштар жаңа мобильді қосымшалар ойлап тапты

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық өнертапқыш жастар жаңа мобильді қосымшалар ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқынажолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуқажеттігін атап өткен болатын.

Осы мақсаттаҚызылордада Smart Сity бағытында жаңа мобильді қосымшалар іске қосылды. ІТсаласының жас өкілдері Guide Way деп аталатын жаңа бағдарламаны ойлап тапқан.Бағдарлама смартфондағы Рlay market арқылы жүктеледі. Мобильді қосымша халықтыңөмір сапасын арттыру және уақытты үнемдеу үшін қолға алынған.

Жоба авторы ЮрийКожушный негізгі идея Қызылорда қаласының тегін анықтамалығын құруданбасталғанын жеткізді. Мобильді қосымша қоғамдық көліктердің бағыттарына сәйкесаялдамалардың атауларын тауып бере алады. Сонымен бірге қаланың геокартасыарқылы кез келген көшелерді таба алады.

Smart Сityаясында іске асқан тағы бір жоба «Ақылды кәрзеңке» деп аталады. Оны ҚымбатТұрсынтай есімді жас өнерапқыш жасаған. Супермаркеттерде сауда жасауға ыңғайлықосымша өнімдердің штрих-код арқылы бағасын білуге мүмкіндік береді.


«Менің жобамадамдардың уақытын тиімді пайдалану әрі қаржылық сауаттылықты арттырудыкөздейді. Мәселен, сіз 10 мың теңгеге сауда жасауға келсеңіз, ақылды кәрзеңке10 мың теңгеден асып кетсе, ескерту жасайды» деді жоба авторы Қымбат Тұрсынтай.

Айта кету керек,аймақта 26 ІТ жобалар іске аспақ. Барлық жобалар халықтың өмір сапасын арттыруүшін қолғаалынған.

Соңғы жаңалықтар