Оған аудандар мен Қызылорда қаласынан барлығы он команда қатысты. Сайысқа арнайы робототехника үйірмесінде құрастырған роботтарын алып келген өрендер ерекше ықылас танытты.
Әуелі төрешілер балалардың роботтарын арнайы талаптарға сай көлемі мен салмағын, бағдарламасын тексеруден өткізді. Қатысушылардың ең кішісі жеті жаста. Соған қарамастан әрбір сайыс тартысты болды. Өрендер үш кезеңнен тұратын «Робосумо» сайысы бойынша сынға түсті.
Шараға бастауыш сынып оқушылармен қатар ата-аналар да қатысты. Бұл отбасындағы өзара қарым-қатынастың нығаюына ерекше әсер етері анық.
Айта кетейік, сайыстың өтуіне «Казроботикс» білім беру және спорттық робототехникасының Қазақстан Федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, «Smart Generation» робототехника мектебі мен облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы және облыстық білім басқармасы ұйтқы болды.
21:40, 05 Қазан 2018
Қызылордалық өрендер робот құрастырып жүр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада алғаш рет «Ата-анам, мен және робот» атты облыстық отбасылық-танымдық чемпионат өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.