Тіркелген 32 қылмыстық істің 13-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаумен, 17-сі есірткіні саудалаумен, -уі өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп, баптаумен және 1 жағдай есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастырумен байланысты.
Сондай-ақ, тіркелген 97 бұзақылық әрекеттердің 93-і ҚР ҚК-нің 296-бабының 1,2,3 бөліктерінде және 4-і ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыстар.
Заңсыз айналымнан барлығы 14 келі 199 гр. есірткі заты тәркіленген.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде 1980 жылы туған облыс орталығының тұрғыны Қызылорда облысынан Батыс Қазақстан облысына 2 келіден астам есірткі тасымалдау үстінде ұсталып, қамаққа алынды. Күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.