Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы сапқа тұрды. Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.
«Қызылордалық полицейлер барлық Қазақстан халқымен бірге қайғыруда. Бұл біздің еліміз үшін үлкен трагедия», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай ең басты халықтың елдің тыныштығы қажет екенін жеткізді.
«Бірде бір адам бей-жай қарап қалмауы тиіс. Ел басына күн туған сәтте бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін біз бірігуіміз керек. Ең бастысы – халқымыздың амандығы мен еліміздің тыныштығы», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай.