Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды ажалдан алып қалды
Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
20 қазанда полицияның кезекші бөліміне облыс орталығындағы көпқабатты үйдің шатырынан жас қыздың секіруге әрекет жасап жатқандығы жайлы хабарлама түседі. Полиция қызметкерлері, атап айтқанда Қызылорда ҚІІБ-ның Әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Ғ.Оразбеков пен Д.Сұлтанбекұлы және Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Б.Тобағабылов шұғыл оқиға орнына жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды райынан қайтару мақсатында әңгімеге шақырып, үгіттеп үйдің шатырынан түсіріп алады. Оқиға орнына жәдел жәрдем шақырылады. Азаматшаның хал-жағдайы тәуір, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі таңда, оның бұл қадамға бару себептерін жан-жақты зерделеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.