Қызылордалық полицейлердің пәтер ұрлығы бойынша іс-шарасы өз нәтижесін беріп жатыр
Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазан айының 10 күні Қызылорда қаласының тұрғыны 1975 ж.т. азаматша И.Қ. таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз тұлғаның үйіне кіріп, ұрлық жасауға әрекеттенгені жөнінде Қызылорда ҚІІБ-ға шағымданды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан саусақ іздерін алып, күдіктіні анықтауға кіріскен. Пәтерге түскен күдікті, Шиелі ауданының тұрғыны 1981 ж.т. азамат Ө.Т. ұсталды.
Аталған іс-шара аудандарда да нәтижесін беріп жатыр. 10 қазан күні Жаңақорған ауданының тұрғыны 1990 ж.т. азамат С.С. 7 қазан күні үйде ешкім жоқ кезде белгісіз тұлғаның терезе арқылы кіріп, сейфтен 190 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде Жаңақорған АІІб-не арызданған. Іздестіру нәтижесінде осы ауданның тұрғыны 1959 ж.т. азамат И.Н. қолға түсті.
Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті соңғы уақыттарда облыс көлемінде пәтер ұрлығының жиі орын алуына байланысты тұрғындарға өз пәтерлерінің есік-терезелерін мықтауды ескертеді. Сондай-ақ, пәтерге ұры түскенін білген сәтте полиция бөлімшелеріне жедел хабарлауға кеңес береді.